Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин коронавирус дұрыс ауыздақталмай жатқан екі облыстың басшыларына тапсырма берді

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2020 16:14 primeminister.kz
Эпидемияға қарсы шараларды күшейту керек.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин елімізде коронавирус инфекциясының екінші толқының алдын алу үшін өңір басшыларына нұсқау берді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай оң бағытта өзгеруде. Коронавирус инфекциясының расталған жағдайларының күн сайынғы өсімі 1,2% -дан аспайды. Бүгінгі күні барлық жұқтырған науқастардың 69,4% -ы емделіп, жазылды, қалғандары қажетті ем алып жатыр. Ауруханаларға түскен жүктеме көлемі 36% дейін азайды, - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Апта қорытындысы бойынша вирустың өнімділік деңгейі 1-ден төмен көрсеткіші Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында тіркелді. Бұл ретте, Қостанай және Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш 1-ден жоғары тұрғанын да айта кетелік. Осыған байланысты Премьер-министр осы облыстардың әкімдеріне эпидемияға қарсы шараларды күшейтуді тапсырды.

- Ауру азаматтарды емдеу және вирустың таралуын азайту бойынша қарқынды жұмысты жалғастыру қажет, оның ішінде санитарлық нормалар мен маска режимін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру науқаны қажет. Бүгінгі таңда әлемдік статистика 126 елде жағдайлардың жаңа өсімі тіркеліп жатқанын көрсетіп отыр, сондықтан пандемияның жаңа толқынына дайын болумыз керек. Оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптарды орындау және жоспарланған іс-шаралар кешенін орындау қажет. Ералы Лұқпанұлы (Тоғжанов - ҚР Премьер-министрінің орынбасары) осы жағдайды үнемі бақылауда ұстаңыз, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: