Жаңалықтар тізбегі
0

Жұмыспен қамту жол картасы аясында 154 мың жұмыс орны құрылды

Линар Галимов, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2020 17:49 Линар Галимов
4 тамыздағы жағдай бойынша өңірлерде 6 373 жоба бойынша жұмыс басталды, 154 мың жұмыс орны құрылды.

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында 6 373 жобаны іске асыру басталып, олар бойынша 154 мың жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

ЖҚЖК аясында жергілікті атқарушы органдар іске асыру үшін 6 762 жобаны іріктеп алды.

ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру 4 негізгі бағыт бойынша өтеді:

– әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (2 729 жоба);

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау (1 088 жоба);

– инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (1 926 жоба);

– елді мекендерді абаттандыру (1 019 жоба).

ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру кезінде отандық өндірушілердің кемінде 90% тауарлары мен қызметтерін қолдануды қамтамасыз ету ерекше шарт болып табылады. Жұмысшылардың кем дегенде жартысы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы алынып, басымдық жұмыссыз жүрген жастарға берілетін болады. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге тиіс.

4 тамыздағы жағдай бойынша өңірлерде 6 373 жоба бойынша жұмыс басталды, 154 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 88 мың адам жұмысқа орналасты.

Бұған дейін хабарланғандай, ЖҚЖК аясында барлығы 255 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл ретте ЖҚЖК жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға негіз болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: