Жаңалықтар тізбегі
0

Шамалған станциясының теміржол өткелінде жол қозғалысы өзгертілді

Алмаз Толеке, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2020 16:18 Алмаз Толеке
Автокөлік иелерінің назарына.

Шамалған станциясының теміржол өткелінде жол қозғалысын ұйымдастыру өзгертілді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қосымша жол белгілері орнатылып, жол таңбалары салынды.

Алматы - Нұр-Сұлтан автожолының учаскесінде жол қозғалысын ұйымдастыруға өзгерістер енгізілді.

"Атап айтқанда, Шамалған станциясынан шыққанда шығыс бағытта қозғалыс кезінде 2.4 "Жол бер" және 4.1.2 "Оң жаққа қозғалыс" жол белгілері орнатылды. Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген жолайрықта 1.11 жол таңбасы (қозғалысты үзік сызық жағынан ғана қозғалысқа рұқсат) салынған. Алматы - Нұр-Сұлтан автожолының 44+800 шақырымында 5.11.1 "Бұрылу орны" жол белгісі орнатылды", - деп хабарлады облыстық Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Таңатаров.

Сонымен қатар, бүгінгі күні автокөлік жолында теміржол арқылы өтетін жол өткелін салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.

"Қазіргі уақытта аталған учаскелерде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдік полицияның қосымша жасақтары қойылған. Осыған байланысты, барлық автокөлік иелері мен жол қозғалысына басқа да қатысушылардан жол белгілерінің талаптарын басшылыққа алуды, патрульдік полиция инспекторларының барлық талаптарын мүлтіксіз орындауды, сондай - ақ жолдарда барынша ұқыптылық пен қырағылық танытуды және Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің барлық талаптарын міндетті түрде басшылыққа алуды сұраймыз", - деп қорытындылады полковник Таңатаров.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: