Жаңалықтар тізбегі
0

Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы электрондық аукционмен беріледі

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2020 17:44 pixabay.com
Электрондық аукцион енгізу аукционды ашық өткізу тетігін қалыптастыруға, сондай-ақ бәсекелестік ортаның артуына ықпал етеді.

Бұл "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекске аукциондарды электронды форматта өткізуге мүмкіндік беретін түзетулер енгізуге байланысты мүмкін болды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энергетика министрлігі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруді жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізеді.

ҚР Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бірқатар құқықтық актілер қабылдады, оның ішінде, "Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрық (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 30 шілдеде № 21038 болып тіркелді).

Осылайша, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР Кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, егер аукциондар бұрын қағаз жүзінде жүргізіліп, қатысушыларға белгілі-бір қолайсыздықтар туғызса, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап, жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлға аукциондарға онлайн тәртіпте қатыса алады.

Электрондық аукционды енгізу электрондық нысанда аукционды ашық өткізу тетігін қалыптастыруға, сондай-ақ бәсекелестік ортаның артуына ықпал етеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: