Жаңалықтар тізбегі
0

Абайдың "Қара сөздері" өзбек тіліне аударылды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2020 18:51 24.kz
Бұған дейін ғұламаның "Қара сөздері" өзбек тіліне екі рет аударылған.

Өзбекстандық оқырманға жол тартқан ақынның туындысы Халықаралық Түркі академиясы мен Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінің қолдауымен жарық көрді. Ұрпаққа ғибрат болсын деп жазған ұлы ойшылдың нақыл сөздерін тәржімалаған педагогика ғылымдарының докторы Қозоқбай Йулдошев пен профессор Ибадулла Мырзаев, деп хабарлайды "Хабар-24".

Қос аудармашы бұл еңбекті жарты жыл дайындаған. Оқымыстылардың ойынша, тәрбиелік мәні зор туынды бауырлас екі елдің мәдени де рухани қарым-қатынасын одан әрі нығайтады. Бұған дейін ғұламаның "Қара сөздері" өзбек тіліне екі рет аударылған.

Қозоқбай Йулдошев, педагогика ғылымдарының докторы, аудармашы:

- Аударылған "Қара сөзді" қайтадан аудардық. Үшінші рет. Бірінші рет Насыл Фазылов деген ақсақал аударған еді. Онда да парсы, араб сөздері көп еді. Біз үшінші рет аударып, қазақша мен өзбекшені жақындастырдық. Абайдың фонетикасын, өзгешілігін өзбекшеде беруге тырыстық.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: