Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Энергетика министрі АЭХА Бас конференциясында сөз сөйледі

gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2020 23:33 gov.kz
Нұрлан Ноғаев өз сөзінде Агенттіктің кепілдіктер жүйесі ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз етудің ең тиімді құралы болып табылатынын атап өтті.

Бүгін, 21 қыркүйекте Венада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Бас конференциясының 64-сессиясы басталды. Конференция барысында Қазақстанның Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев бейнебайланыс арқылы сөз сөйледі, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1994 жылы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) 121-ші мүшесі болды. 1994 жылы 26 шілдеде Алматыда Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы Қазақстан Республикасы мен АЭХА арасында келісімге қол қойылды, бұл келісім Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2344 Жарлығымен ратификацияланған.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен атом энергиясын пайдалану саласындағы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Нұрлан Ноғаев өз сөзінде Агенттіктің кепілдіктер жүйесі ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз етудің ең тиімді құралы болып табылатынын атап өтті.

- Қазақстан Республикасы ядролық қарусыздану, ядролық қаруды таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы барлық іргелі халықаралық шарттардың қатысушысы болып табылады, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев. - Өткен жылы Қазақстан әлемдегі 26-шы мемлекет болып, Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты (ЯҚТШ) ратификациялады.

Биылғы жылдың 14 мамырында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вена конвенциясының ережелерін имплементациялау мақсатында ядролық залал үшін операторлардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды.

Ноғаевтың айтуынша, Қазақстан ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету режимі аясында зерттеу реакторларын конверсиялау және жоғары байытылған уранды кәдеге жарату жұмыстарын жүргізуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: