Жаңалықтар тізбегі
0

"Nur Otan" дауыс беру ережесін бұзбақ болған мүшелерін жазалады

Elarna.Net World, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2020 18:13 Elarna.Net World
Сандықтау ауданындағы "Білім" БПҰ төрағасының орынбасары "Nur Otan" партиясының праймеризін өткізу ережесін бұзып, жаппай дауыс беруді ұйымдастыруға шақырған.

"Nur Otan"-ның Партиялық бақылау комитеті Ақмола облысында Праймериз өткізу ережесінің талаптарын бұза отырып, дауыс беруді өткізбек болған әрекетті анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы "Білім" БПҰ төрағасының орынбасары "Nur Otan" партиясының праймеризін өткізу ережесін бұзып, жаппай дауыс беруді ұйымдастыруға шақырған.

30 қыркүйекте осы мәселе бойынша партияның Ақмола облыстық филиалында партиялық бақылау комитетінің отырысы өтті. Онда Сандықтау аумақтық филиалы Саяси кеңесінің бюросына партиялық жауапкершілік туралы мәселені қарауды және Сандықтау аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Л. А. Ловягинаға "ескерту" партиялық жазалау шарасын, сондай – ақ "Білім" БПҰ төрағасы Ж. Ж. Қайырымденов пен праймериз ережесін бұзғаны үшін "Білім" БПҰ төрағасының орынбасары Ю.Барахоеваға сөгіс түріндегі партиялық жазаны қолдануды ұсыну туралы шешім қабылданды.

"Nur Otan" баспасөз қызметі Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың партия ішіндегі сайлауда ашық, анық және әділ дауыс беруді қамтамасыз ету қажеттігі туралы тапсырмасын орындау аясында Орталық аппарат жергілікті жерлердегі осындай "әрекеттердің" қатаң түрде жолын кесетінін атап өтті.

Праймериз өткізу ережесін бұзу деректері бойынша 8 (800) 080 4441 жедел желісіне (қоңырау шалу тегін) немесе komek@nurotan.kz. электрондық пошта арқылы хабарласуға болады. Барлық жайттерді Партиялық бақылау комитеті егжей-тегжейлі зерттейді. Кінәлілерге партиядан шығаруға дейін қатаң шаралар қабылданатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: