Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс депутаттығына 25 жастан асқан азаматтар ғана үміткер бола алады

pikist.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2020 22:26 pikist.com
Үміткерлердің 30% әйел және 29 жасқа толмаған азамат болуы керек.

Партиялық тізім бойынша мәжіліс депутаттығына үміткерлерді ұсыну сайлаудан 2 ай бұрын басталып, сайлауға 40 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл кандидаттарды ұсыну 2020 жылғы 10 қарашада басталып, 2020 жылғы 30 қарашада сағат 18.00-де аяқталады деген сөз.

Орталық сайлау комиссиясының ашық отырысында комиссия төрағасының орынбасары Константин Петров мәжіліс депутаттығына ұсынылатын үміткерлерге қандай талап қойылатынын жариялады.

Үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болуы және соңғы 10 жылда Қазақстан аумағында тұруы тиіс. Сонымен қатар жасы 25-тен кем болмауы керек. Конституциялық заңның 4-бабының 3-4-тармақтарына сәйкес, сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы, соттылығы белгіленген заңды тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидат бола алмайды, – деді Константин Петров.

Оның сөзінше, саяси партия мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлердің тізімін бекіткен кезде олардың жалпы санының кемінде 30% әйел және 29 жасқа толмаған адам болуға тиіс екенін ескеруі керек.

Қанат Махамбет

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: