Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО зертханасына еліміздің бас санитарлық дәрігерін кіргізбей қойған. Мән-жай анықталуда

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2020 21:56 primeminister.kz
ШҚО Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Шығыс Қазақстан облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Өскемендегі ПТР зертханасына Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовты кіргізбей қойғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін Интернетте Қиясов мамандармен бірге Шығыс Қазақстанның пандемияның ықтимал келесі толқынына дайындығын тексергені туралы ақпарат пайда болды. Сарапшылар ПТР-тесттің аймақ тұрғындары үшін қаншалықты қолжетімді екендігін және сынақ жұмыстарын жүргізетін зертханалар деңгейін бағалады.

Алайда мұндай тексеріске зертханалардың бірі дайын болмай шықты. Бас санитарлық дәрігерді Өскемен қаласындағы облыстық репродукция орталығының зертханасына кіргізбей қойды. Қызметкерлер мен зертхана басшылығы нені жасырғысы келгенін бізге тек болжауға ғана тура келіп тұр, - делінген облыстың ақпараттық орталығының хабарламасында.

ШҚО Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

- Бұл біздің ақпарат емес, бұл - әкімдіктікі. Әкімдік осындай фейк ақпарат таратқан. Қазір біз бұл мәселенің жай-жапсарын анықтап жатырмыз. Бізде Қиясовты кіргізбеді деген ақпарат жоқ, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Биылғы жылдың тамыз айында тексеруге келген Ақтау қаласының бас дәрігерін Rixos қонақ үйі кіргізбей қойды деген ақпарат тараған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: