Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік қызметке "сәйкес келмейтін" адам кіріп кетті

ҚР МҚІА баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2020 20:41 ҚР МҚІА баспасөз қызметі
Жұмыс өтілі сай емес азамат қызметке алынған.

Жалағаштық азамат жұмыс өтілі келмесе де мемлекеттік қызметші атанған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен профилактикалық тексеру барысында белгілі болған, деп хабарлайды zakon.kz ҚР МҚІА Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің хатшылығына сілтеме жасап.

Департамент қызметкерлері Жалағаш ауданы әкімдігін тексеру барысында әкімдіктің конкурстық комиссиясымен заңсыз шешім қабылданғанын анықтаған.

Аталған конкурстық комиссия бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға жалпы конкурсты өткізу барысында біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін үміткерге басымдық берген. Нақтырақ айтқанда, Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы конкурсына қатысушының жұмыс өтілі талаптарға сәйкес келмеген. Дей тұрғанмен, комиссия мүшелері жеткілікті жұмыс өтілі жоқ үміткерді хаттамалық шешіммен әңгімелесу кезеңіне жіберіп, одан кейін бос тұрған бас маман лауазымына тағайындауға ұсынған.

Конкурстық комиссия құрамында Жалағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы, бөлім басшысы, бас инспекторы, бас маманы және аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болған.

Заңсыз шешім қабылдаған конкурстық комиссия мүшелерінің тәртіптік істері Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған. Нәтижесімен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін конкурстық комиссия мүшелеріне "қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту" тәртіптік жазасына тарту жөнінде шешім қабылданды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: