Жаңалықтар тізбегі
0

Қасиетсіз жануар. Шошқа бизнесіне тыйым салу керек – қой өсіруші

my-madonna.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2020 17:54 my-madonna.ru
Қазір тексеріс болады, он күннен кейін шешім шығады деген әңгіме айтылып жатыр. Оның барлығы бос әңгіме!

"Шопан ата" қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаевтың ұсынысын abai.kz порталы жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мен өткен аптада Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылында орын алған шошқа дауына қатысты мәлімдеме жасасам деймін. 5 күннен бері осы тақырыпты зерттеп, зерделей келе мынадай тоқтамға келдім:

Бұл шошқа зауыты қалай да жабылуы керек! Неге деген сұраққа мен 3 аргумент айтқым келіп тұр:

Осы жағдайға байланысты ел болып 3 басты талап қоюымыз керек:

1. Экология мәселесіне Үкімет назар аударуы тиіс. Ұрпақты улайтын шошқа зауыты жабылуы керек;

2. Ауылшаруашылығы министрлігі жалпы шошқаға бағытталған субсидияны тоқтатсын және ол ақша түйеге, жылқыға, қой шаруашылығына бағытталуы тиіс;

3. Сырттан келетін инвесторларға шошқа бизнесіне біржола тыйым салынуы керек;

Жақында зауыттың директоры Армениядан байланысқа шықты. Шошқа фермасын жаба беремін, бірақ бір шартым бар деді. Ешқандай да шарттың керегі жоқ. Менің ойымша, жергілікті тұрғындардың құқы жылдар бойы бұзылып келген. Сондықтан бұл жерде халықтың жанайқайы орынды. Халықтың шырылын билік ескеруі керек.

Қазір тексеріс болады, он күннен кейін шешім шығады деген әңгіме айтылып жатыр. Оның барлығы бос әңгіме!

Бұл Ақтөбе Есет, Абат, Исатай батырлардың кесенелері бар құтты мекен. Тіпті түйе атасы Ойсылқара әулиенің сүйегі осы өңірде жатқан жоқ па?!

Сондықтан қасиетті мекенді қасиетсіз жануардың қалдығымен былғамауымыз керек. Елдің талап-арызына жергілікті басшылық немқұрайлы қарамаса екен дейміз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: