Жаңалықтар тізбегі
0

Нурдинжон Исмоилов: Назарбаев – Қазақстан мемлекеттілігінің бастауында тұрған көрнекті тұлға

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2020 00:18 Ж.Құспанов
ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік тамырын тереңдете түседі.

Өзбекстанның Олий Мәжілісі заң шығару палатасының Спикері Нурдинжон Исмоилов қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, бұл мерекені Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің беріктігі мен тиімділігін бағалаудың тамаша мүмкіндігі деп атады.

Тұңғыш Президент күніне орай "Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандағы парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі" атты Мәжіліс ұйымдастырған халықаралық конференцияда сөз сөйлеген Нурдинжон Исмоилов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевты Қазақстан мемлекетін құрудың бастауында тұрған көрнекті тұлға екенін айтты.

Сонымен қатар ол Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның және бүкіл Орталық Азия аймағының мүдделері үшін ынтымақтастықты дамытуға деген ұмтылысын ерекше атап өтті.

- ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік тамырын тереңдете түседі және екі елдің басшылары Шавкат Мирзиеев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың көпжоспарлы ынтымақтастығын нығайтудағы жоғары рөлін атап өтуге мүмкіндік береді, - деді Өзбекстанның заң шығару палатасының Спикері.

Нурдинжон Исмоиловтың айтуынша, қос ел арасындағы стратегиялық өзара байланыс дәстүрлі түрде жоғары деңгейде әлемдегі қазіргі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, қарқынды дамып келеді.

Өзбекстанның заң шығару палатасының Спикері екі ел арасындағы Парламентаралық ынтымақтастықты жоғары бағалап:

-Біз, екі елдің парламентшілері, мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға өз үлесімізді қосуға дайынбыз және өз құзыретіміз шеңберінде оны кеңейтуге үлес қосамыз, - деді ол.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: