Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Ресей геология саласында әріптестікті күшейтеді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2020 20:31 ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Тараптар түрлі пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және бағалау үшін бірге геологиялық, геофизикалық зерттеулер жүргізеді.

Бүгін Мәскеуде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козлов геология саласындағы әріптестік туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Келісімге сәйкес, Тараптар минералдық ресурстар, аймақтық геология салаларында және геологиялық карталар әзірлеу бойынша өзара экономикалық қатынасты күшейтпек. Бұдан бөлек, екі елдің мемлекеттік және жекеменшік ұйымдары, геологиялық барлаумен айналысатын компаниялары арасындағы байланыс реттеледі, делінеді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, Тараптар түрлі пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және бағалау үшін бірге геологиялық, геофизикалық зерттеулер жүргізеді. Бұған жер асты суларын табу, түрлі масштабтағы геологиялық түсірілімдер жасау, минералдық шикізаттың кен орындарын табуға бағытталған геохимиялық, геофизикалық зерттеу әдістерін қолдану бойынша да жұмыстар кіреді.

Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінше, Меморандум Қазақстан мен Ресейдің геология саласын дамытуға кең мүмкіндіктер ашып, геологиялық компаниялар арасында ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.

"Қол қойылған құжат қос елдің геология саласындағы бірлесе әрекет ету потенциалын ұлғайта түседі. Бұл бағыттағы шаралар консолидациясы зерттеулердің тиімділігін арттырып, геология саласында жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін", - деп атап өтті Қазақстанның экология министрі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: