Жаңалықтар тізбегі
0

Президенттің кадрлық резервінің екінші іріктеу шарасы өтеді

admmegion.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2020 22:34 admmegion.ru
Оған 50 адам өтеді.

Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысына Агенттіктің биылғы атқарған қызметінің негізгі қорытындылары және Президент тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді.

"Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылдың басында өтетін Президенттік кадр резервінің екінші іріктеуіне дайындық жұмыстары туралы ақпарат берілді. Іріктеуден 50 адам өтеді. Анар Жайылғанова үміткерлерге қойылатын критерийлер мен біліктілік талаптарының күшейтілгені туралы айтты. Резервті жасақтау кезінде қоғамдық мүдделерді негізге алатын тұлғаларға басымдық беріліп, өзгерістер жөнінде нақты тәжірибесі бар заманауи басшыларды анықтауға мән беріледі", делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басшысы ең үздік үміткерлерді таңдау үшін іріктеу жұмыстарын сапалы әрі ашық өткізудің маңызды екенін атап өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2020 22:34

Сонымен қатар Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін жетілдіру ісіне де тоқталды. Оның айтуынша, осы бағыт аясында басшылық және атқарушылық қызметтерге қойылатын құзыреттерді анықтау үшін тестілеу емес, сұхбат өткізу ұсынылып отыр. Бұл іріктеудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Президентке мемлекеттік аппаратты қысқарту, мемлекеттік саяси қызметті кәсібилендіру, мемлекеттік басқару үдерісін цифрландыру жөніндегі жұмыстар туралы да баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Анар Жайылғановаға Агенттік жұмысының негізгі бағыттары бойынша тапсырмалар берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: