Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстан орыс тіліне ұлтаралық тіл мәртебесін бермей отыр 

Official publication, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2020 15:23 Official publication
Орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі деңгейіне көтеру мәселесі билікке Шавкат Мирзияев келгелі сөз болып келеді.

Ресейдің Ташкенттегі елшісі Владимир Тюрденев орыс тілі Өзбекстанда ұлтаралық тіл мәртебесін алу үшін қоғам жетілу керек деп есептейді. Ол бұл жөнінде 22 желтоқсанда Ташкентте өткен баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

“Бұл мәселе бойынша бірдеңе айту қиын. Мұндай тақырып қоғамды бөлмеуі керек. Ол үшін қоғам дайын болуы керек. Әсіресе қазіргі жағдайда", – деді ресейлік елші.

Ол сөзінде Өзбекстанда орыс тіліне деген қызығушылық артып келе жатқанын жеткізді. Биыл Ресей Өзбекстанға арнап, орыс тілін үйретуді дамыту үшін "Класс" бағдарламасын іске қосқан. Бұл жобаға миллиардер Алишер Усманов Ресейдің білім министрлігімен бірлесіп қаржылай көмек көрсетеді.

Орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі деңгейіне көтеру мәселесі билікке Шавкат Мирзияев келгелі сөз болып келеді. 2019 жылы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Өзбекстанға сапары кезінде 20 шақты орыс ұлтынан шыққан зиялы қауым өкілі орыс тілінің мәртебесі туралы көз қозғаған.

Биыл Өзбекстанда өзбек тілін білмейтін мемлекеттік шенеуніктерге айыппұл төлеуді қарастыратын заң жобасы талқыланған. Бұған Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова да үн қатқан.

"Біз заң жобасына қатысты БАҚ-та болып жатқан пікір-таласқа назар аудардық. Әзірге құжатты қолдаушылар аз секілді. Көбі орыс тілін ресми тіл ретінде сақтап қалуды қолдайды", – деп атап өткен Захарова.

Мұны бірқатар өзбек депутаттары Өзбекстанның ішкі ісіне араласуы деп бағалаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: