Жаңа депутаттардан не күтеміз?
Мәжіліске іріктелген 107 депутаттың аты-жөндері белгілі болды. Қанша пайызы ер кісі, қаншасы әйел адамдар екені де анықталды. Алдағы уақытта Парламенттің төменгі палатасында заң шығаратын депутаттар да өз жоспарларымен қуана-қуана бөлісуде. Сонымен, депутат атанғандар Мәжілісте қанадай мәселелерді көтермек? Сайлауда жеңгендерден халық не сұрады?
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Мәжілістегі 107 депутаттың 78-і ер кісі, 29-ы әйел адам. Төменгі палатадағы 76 орынға "Nur Otan" партиясы ие болды. Бұл саяси ұйым депутаттарының 40 проценті нәзік жандар мен 35 жасқа дейінгі жастар. Ал, "Ақ жол" 12 мандатқа ие болды. Оның төртеуі VI шақырылым депутаттары. Ең үлкені 53 жаста болса, ең жасы - 32-де. Қазақстан халық партиясы 10 орынды алды. Оның үшеуі - қазіргі депутаттар. Тізімдегілердің ең үлкені - 60 жаста, ең жасы - 40-та. Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 адам депутат болып сайланды.
107 депутаттың қатарында Айбек Паяев те бар. Қазақстан халық партиясынан Мәжіліске өткен болашақ депутат онда қоғамдық бақылау мәселесін көтеремін дейді. Өйткені, елдің жайын тек қарапайым халық өз бақылауында ұстау керектігін айтады.
Айбек Паяев, Қазақстан Халық партиясының өкілі:
Біз Мәжіліске барғанда, біз көтеретін заң қоғамдық қадағалау заңы. Өйткені, қазір қоғамдық қадағалау Президент мақұлдауымен МВК-дан мақұлданып өтті. Енді Әділет министрлігіне кіру керек. Сол Мәжіліске келген кезде, біз оны егжей-тегжейлі талдап, ұсыныстарымызды қосамыз. Неге? Өйткені қоғамдық бақылау халық тарапынан мықыт болу керек.
Қаржы саласындағы біраз жыл қызмет кеткен су жаңа депутат заң шығарушы органына өту үшін еңбек өтілі де, көргені де жеткілікті екеніні сенімді. Айтпақшы, Айбек Паяев партиядағы ең жас кандидат. Небәрі 40 жаста. Сондықтан бүгіннен бастап білек сыбанып кірісуге дайын. Ал, "Nur Otan" тізімінен өткен Елдос Абақанов елдің экология мәселесін көтермек.
Елдос Абақанов, "Nur Otan" партиясының мүшесі:
Біздің партияның сайлауалды бағдарламасы бар. Сонда бір приоритеттік басылымдық реті экология болған. Ол- жасыл белдеу концепциясын қабылдау, Нұр-Сұлтан, ірі қалаларды газбен қамтамасыз ету мәселелері бар, екі миллиард ағаш егу мәселісі бар. Жалпы айтқанда, сайлауалды бағдарламасында бекітілген мақсаттарымызды іске асыру бойынша жұмыс істейтін боламыз.
Саясаттанушы Есенжол Алдияров Мәжіліске өткендер сайлауалды бағадрламасын, халыққа берген уәдесін ұмтыпаса дейді. Өйткені оларды өзге емес, қазақстандықтар сайлағанын алға тартады.
Есенжол Алияров, саясаттанушы:
Олар елдің аузындағы, елде болып жатқан мәселелерді дер кезінде көтеріп, апару, биілкке соын істету ықпал жасау керек. Ол биліктің партиясы болсын, бірақ оларды жасаған жоқ, билік оларға осныдай күш-қуат берген жоқ. Оны халық силап отыр. Сол себептен олар заң шығарушы органда істегеннен кейін халықтың мұң-мұқтажын айтатын депутаттар болуы керек.
Біз халықтың пікірін білдік. Олар депутаттардан мына мәселелерге көңіл бөлуін сұрады.
Мәселенің барлығы айтылып жатыр. Айтылмаған нәрсе қалмаған сияқты. Әрбір партия өзінің ұсынысын айтты. Енді осыны халықтың аманатын депутаттар болып, қолдап, іс жүзінде келтірсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Жас отбасыларға баспана берсе екен. Қазақстанда тұрып, тегін үйлер алсақ екен деп тілейміз.
Қазір ауыл қалып бара жатыр. Мал жағына, жер жағына соған көмиек болмай тұр, дұрыс.
107 депутат қазірге кезде тиіст құжаттарын тағайындауда. Айта кетейік, Мәжілістің жетінші шақырылымында ең жас маман 25 жаста. Айтпақшы, су жаңа халық қалаулылар арасында ескілері де жеткілікті.