Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда ХҚО-лардың жұмыс уақыты 2 сағатқа қысқарды

Азаматтарға арналған үкімет, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2021 21:55 Азаматтарға арналған үкімет
Жұмыс кестесі қайта өзгерді.

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен елордалық ХҚО-лардың жұмыс уақыты 2 сағатқа қысқарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Енді халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар автоХҚО-лар қызмет алушыларды дүйсенбі-сенбі күндері аралығында 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайтын болады.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын елордалықтар ХҚО-ға дүйсенбі-жұма күндері 09.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні 18.00-ге дейін аралығында жүгіне алатын.

Сондай-ақ, ХҚО-ларда әлі де карантин талаптарына сай бетперделік режим және дистанция сақталады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекен-жайлары:

№1 Есіл аудандық бөлімі – Мәнгілік ел даңғылы, 30;

№2 Есіл аудандық бөлімі – Сауран көшесі,7;

Алматы аудандық бөлімі –Тәуелсіздік даңғылы, 32;

Байқоңыр аудандық бөлімі –Абай даңғылы, 80;

№1 Сарыарқа аудандық бөлімі –Республика даңғылы, 43;

№2 Сарыарқа аудандық бөлімі –С409 көшесі, 13;

№1 мамандандырылған ХҚО –20 – 40 көшесі, 2.

№2 мамандандырылған ХҚО –​А-82 көшесі, 8 ("Нұрлы-жол" вокзал кешені ғимараты)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: