Жаңалықтар тізбегі
0

Қарақалпақстаннан келген қария аязда контейнерді паналауда

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2021 02:37 видеодан кадр
Карантин кезінде жұмыс табу да мүмкін емес.

"Мені өз іс-әрекетіне жауап бере алмайды" деп тануды сұраймын. Елорда іргесіндегі контейнерлердің бірінде тұратын Құралбай Сәрсенов осындай шағыммен сотқа арызданған екен. Еңгезердей ер кісінің мұндай қадамға баруына жағдайының жоқтығы түрткі болған. Зейнет жасына жетпегендіктен оны интернат, не қарттар үйі сынды мекемеге де алмайды, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Алпысты алқымдаған Құралбай Сәрсенов бұрын Өзбекстанның Қарақалпақстанынан көшіп келген екен. Үйленген, бірақ балалары болмай, ажырасып кетіпті. Әр жерден тиіп-қашып жұмыс істегенімен тапқан-таянғаны баспана алуға жетпеген. Денсаулығынан да айырылып, үшінші топтағы мүгедек. Бар табысы отыз үш мың теңге жәрдемақы ғана. Адвокаттық кеңсеге көмек сұрап жиі келеді екен.

Жасұлан Сұраншиев, адвокат:

Өзі арыз жазып әкеліпті өткенде. Арызында өзінің іс-әрекетіне недееспособный деген, сондай арызды сотқа өткіздім, дейді. Біз ол кісіге түсіндіріп айттық, сіз мұндай нені бере алмайсыз сотқа. Сіздің немесе қамқоршыңыз болу керек, немесе сіз мемлекетпен белгіленген әкімшілік қарамағындағы ұйымдарда жату керексіз. Өзіңіздің іс-әрекетіңізге жауап бере алмау керексіз.

Жұмыс істеп жүргенде ақсақалды желілік маркетингпен айналысатын алаяқтар алдап, мойныңа несие іліп жіберіпті. Оған адвокаттар көмектесіп, шотын бұғаттан босатып берген. Әйтпесе, нансыз қалар едім,- дейді Құралбай аға. Ол қала сыртындағы Қосшы ауылында салынып жатқан құрылыстың маңындағы контейнерде тұрады. Құрылыс иесі оны аяп, ас, суына да қарайласады екен.

Құралбай ағаның контейнерде тұрып жатқанына үш-төрт ай болған екен. Контейнерге кіру мүмкін емес. Кіреберісте газдың иісі мүңкіп шығады. Біз шынымызды айтсақ, бұл жерде газ жарыла ма деп қатты қорықтық. Бірақ қорықсақ та, кірдік.

Газ баллонының тығынында ақау бар, дейді Құралбай аға. Сондықтан сырттан келгенде контейнер ішін желдетіп барып кіреді екен. Пеш жоқ. Электр жылытқышы әрең қызады. Арқаның аязында адам тұрғысыз жер.

Құралбай Сәрсенов, Нұр-Сұлтан тұрғыны:

Баратын жерім жоқ. Далада тоңып өлемін ғой. Мына жер пана ғой, жел жоқ. Акиматқа екі рет бардым, екі рет арыз бердім. Қошқарбаев көшесіндегі акиматқа бардым. Жуырда Тоқаевқа жаздым. Оралман болып келдім, қаңғып қалдым деп.

Құралбай ағаның сотқа арыз жазғандағы мақсаты – "өз іс-әрекетіне жауап бере алмайды" деп таныса, мемлекеттік мекемелердің бірін паналауға құқысы болар ма деген ой екен. Алайда, одан да қайыр болмапты. Түрлі мекемелерден көмек сұрап, тауы шағылған азаматтың бар үміті қайырымды жандарда. Әйтпесе, мұздай контейнерде үсіп қаламын ба деп қорқады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: