Қызылордада боранды күні жоғалған адам көпір маңынан табылды

polisia.kz polisia.kz
Нәтижесінде жоғалған азамат Бидайкөл ауылындағы көпірдің маңынан табылып, туыстарына аман-есен тапсырылды.

Қызылордада тәртіп сақшылары жоғалған азаматты тауып, туыстарына тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, Қызылорда облысы ПД Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері боранды түнде жолда бұзылған көлік жүргізушілеріне көмек беріп, көліктерінің техникалық ақауларын жөндеуге көмектесуде. Бұдан бөлек, олар боранды күні жоғалған азаматты тауып, туыстарына тапсырды.

"Шиелі ауданы Ақмая ауылының тұрғыны туған бауырының жоғалғаны жөнінде учаскелік полиция инспекторына хабарлап, көмек сұраған. Жоғалған бауырын тауып беруді өтінген азаматша ағасының жүйке ауруымен ауыратындығын айтқан. Жоғалған адамның жағдайын ескере келе, полиция бөлімінің жеке құрамы іздеу жұмыстарына толық жұмылдырылды. Іздестіру барысында боранды күні ауданның барлық ауылдары мен далалық жолдары, вокзал маңы, орман алқаптары түгел қамтылды. Нәтижесінде жоғалған азамат Бидайкөл ауылындағы көпірдің маңынан табылып, туыстарына аман-есен тапсырылды. Ағасының аман-есен табылғанына қуанған азаматша тәртіп сақшыларына алғысын білдірді", делінген хабарламада.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз