24 жастағы жігіт 20 миллион теңгесін букмекерлік кеңселерге құйған. Құмар ойындардың қызығына елітіп, қыруар қаржысынан айырылған азамат жұмыс істемей, осындай амалмен өмір сүруге болады деп ойлапты. Тіпті ақыр соңында тәуелділіктен арылу үшін арнайы орталыққа жатқызылып, ем-дом қабылдаған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Нұрдәулет Назаралы 5 жыл бұрыңғы өмірін еске алуға ниеті жоқ. Өйткені, сол кездері ол белшесінен қарызға батқан, жақындарын әбігерге салған жан еді. Жігітті бұлай қиналуына, басқаны қинауына букмекерлік кеңседен шықпайтын досы, өз нәпсісі себепші болыпты. Қайда жүрсең де «мен мұндалап» тұратын "ставкалар" орталығының қақпанына жақын досы түсіп, оны құтқарамын дегенде, өзі құрбанына айналған.
Нұрдәулет Назаралы, қала тұрғыны:
Досымды шығармақшы болып бардым. Сонда қалай кіріп кеткенімді білмей қалдым. Өйткені өзім "мнение" айттым. Ол ойым ойнаған соң, ойладым, ақшаны табудың оңай жолы деп. Ол ертесіне келді. Ол үйде қуанып жүгіріп жүргенде, мен неге қомақты соманы осылай, жұмыс істемей ақ таба берсем болады екен ғой деп.
Достарымнан, ағамның достарынан сұраймын. Бұрын соңды левый тірліктермен ұсталмаған бала, тепк оң жолмен жүрген бала бәрі сеніп бере берді. Менде ол кезде ойламадым, бәрін алдап, лақтырып кетем деген сыңайлы. Тез-тез раскидаю деп ойладым.
Ем-шара келісімшарт бойынша жабық түрде өтеді. Адам ол жерден шыға алмайды. Ол өз еркімен конституциялық құқығын шектеуге келісім береді. Ата-анасы, жақындары келісім бере отырып, сол ем-шараға кіріседі. Оңалту процесі 4 айдан 5 айға дейін өтеді.
Оңалтудан шыққандардың 80 пайызы лудоманиядан емделеді екен. Бірі өмір бойы, өзгесі бірнеше жылға ойындардан алшақтайды. Бастысы, ескі орта мен ойдан әрдайым қашық жүру керек. Ал, егер нәпсі қоймаса, тәуелді жан орталыққа асыққаны жөн. Айтпақшы, бәс тігуші, казиноқұмар, ұтыс автоматтарына көбіне жоғары білімі барлар әуес екен.
Нұрлан Тұрсынбеков, оңалту орталығының директоры:
Көбісі шетелде оқып келген балалар. Екі-үш тілі білетін балалар. Ойнықұмарлыққа шалдыққан тұлғалардан темекі шегіп, арақ ішкенін байқамағанмын. Англия, Қытай, Еуропадан білім алып келгендер.
Ата-ана, ерте жастан немесе келіншектеріміз балаларды тастап, жұмысқа шығым кету, болмаса, бір қаладан екінші қалаға үй алуымыз керек деп, әлеуметтік жағдайларын түзету үшін балаларын тастап кетіп жатады. Бұл ең жақын адамын жоғалтумен бірдей. Сондықтан бұндай балалар құмар ойындарына, наркомания, алкоголизмге тәуелді болады.
Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?