Жаңалықтар тізбегі
0

Covid-2019: Нұр-Сұлтанда 2 мыңға жуық ақ халатты екпе алған

pexels.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2021 18:45 pexels.com
Вакцинаның келесі партиясы ақпан айының соңында келеді деп күтілуде.

22 ақпанда Нұр-Сұлтанда "Гам-COVID-ВАК" екінші компоненті салына басталады. Бұл туралы елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Елордада вакцинация науқанының үшінші аптасы аяқталуда, негізінен, емханалардың, жұқпалы аурулар ауруханаларының, шұғыл медициналық көмектің, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының, көпсалалы ауруханалардың қабылдау бөлімдерінің медициналық қызметкерлеріне екпе салынды. Салалық контингенттің көлемі - 6 300 адам, бүгінде 1 980 адам вакцина алды. Вакцина алғандар арасында асқынулар болған жоқ, - деді Әлия Рүстемова елорда әкімдігінде өткен брифинг барысында.

Вакцинаның келесі партиясы ақпан айының соңында келеді деп күтілуде.

Вакцинаның жаңа партиясы келгенде, біз медициналық қызметкерлерді вакцинациялау ісін жалғастырамыз, сонымен қатар мұғалімдерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, созылмалы аурулары бар адамдарға вакцинацияны кезең-кезеңімен сала бастаймыз, - деп қосты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары.

Оның айтуынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында вакцинациялау үшін егу бөлмесі мен арақашықтықты сақтау талаптарына сай күту залы дайындалған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: