Жаңалықтар тізбегі
0

Құзырлы ведомства екпені ескере отырып, эпидахуал бойынша болжам жариялады

Қарағанды фармацевтикалық кешені, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2021 17:38 Қарағанды фармацевтикалық кешені
Егілгендерді есептеу және иммундық жағдайды е-gov mobile "Вакцинация" және "Цифрлық құжаттар" қызметіндегі вакцинация паспорты арқылы бақылау жоспарлануда.

ҚР Денсаулық министрлігі Қазақстанда жүргізіліп жатқан вакцинацияны есепке ала отырып, жылдың соңына қарайғы эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-vинистрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен 2020 жылғы жұмыстың қорытындысы мен 2021 жылға арналған міндеттер бойынша ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

"Вакцинацияның қолда бар нәтижелерін ескере отырып, осы жылдың екінші жартыжылдығына дейін эпидемиологиялық жағдайға болжам жасалды", - деді министр.

Егілгендерді есептеу және иммундық жағдайды е-gov mobile "Вакцинация" және "Цифрлық құжаттар" қызметіндегі вакцинация паспорты арқылы бақылау жоспарлануда. Бұл вакцинация көлемін және аурудың болжамын жоспарлауға көмектеседі.

"Қазақстанда жеке вакцина әзірлеушілер, сондай-ақ вакцина өндіруге арналған оқшауланған алаң бар - вакцинамен қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді барынша азайту және республикамыздағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, 2021 жылы біз 6 млн. астам адамды егуді жоспарлап отырмыз", - деді Цой.

Алқа отырысында Денсаулық сақтау министрі ресейлік "Спутник V" вакцинасы рекордтық мерзімде сатып алынғанын еске салды. Бүгінде ол Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілуде. Отандық тауар бекітілген кестеге сәйкес – биыл 24 ақпаннан жеткізіледі. Сонымен қатар, биыл сәуір айында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген – отандық "QazCovid-in" вакцинасын қолдану жоспарланған.

Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық егуге арналған вакцинаны тасымалдалдағанда салқын жерде сақтау мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдерді әзірледі және бекітті. 2 мыңнан астам медицина қызметкерлері КВИ-ге қарсы вакцинация тактикасы, вакцинацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету бойынша оқытылды.

Министр оптимистік және шынайы болжамға сәйкес жаппай маска режимі, сондай-ақ әлеуметтік арақашықтық сақтау нәтижесінде елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталады және қатаң карантиндік шектеуге вакцинация ғана балама болатынын атап өтті.

"Бүкіл әлем вакцинация ғана қалыпты өмірге карантинсіз оралуға мүмкіндік беретінін түсінді. Осыған байланысты өңірлер иммунопрофилактика бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет", - деді Цой.

Айта кетсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылғы 1 ақпанда басталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: