Жаңалықтар тізбегі
0

Көктем кешікпей жетеді. Наурыз айына арналған ауа-райы болжамы

pixnio.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2021 19:38 pixnio.com
Бір ай бойы циклондар мен антициклондардың жиі ауысуына байланысты ауа температурасының күрт өзгеруі болжанады.

Еліміздің көптеген аймақтарында көктем белгіленген мерзімінде келіп жетеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазгидромет болжамына сәйкес, 2021 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының басым бөлігінде циклондардың өтуімен және Иран аудандарынан жылы ауа массаларының жылжумен ауа температурасының жоғары фоны күтіледі, республиканың басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормадан 1° жоғары, республиканың солтүстік-батыс бөлігінде ғана норма шамасында болжанады.

Бір ай бойы циклондар мен антициклондардың жиі ауысуына байланысты ауа температурасының күрт өзгеруі болжанады. Температура контрасты 10° және одан да көп болуы мүмкін.

Айдың басында белсенді циклондардың әсерінен республика бойынша ауа-райының тұрақсыз сипаты болжанады: жауын-шашын, елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде қар аралас жаңбыр қатты жаууы мүмкін, жел күшейеді (солтүстік жартысында бұрқасынмен), тұман және көктайғақ құбылыстары күтіледі. Елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын көбінесе жаңбыр түрінде, солтүстік жартысында аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) түрінде болжанады.

Бірінші онкүндік бойы Қазақстан аумағы бойынша ауа температурасының ауытқуы болжанады: солтүстік жартысында күндіз әлсіз оң таңбалыдан теріс таңбалы мәндерге дейін, оңтүстік жартысында +10+15°С-тан 0,+7°С-қа дейін, елдің батысы мен солтүстік-батысында -3-10°С-тан -1+6°С-қа дейін.

Бірінші және екінші онкүндіктің жекелеген күндері Скандинавия мен Сібір аудандарынан суық ауа массаларының әсерінен түнгі сағаттарда термометр бағаналары еліміздің солтүстік жартысында -13-25°С дейін, оңтүстік жартысында -5-15°С дейін төмендеуі күтіледі.

Айдың екінші жартысында ҚР-ның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жылу толқындарының әсерінен күндізгі ауа температурасы жекелеген күндері +3+10°С дейін; елдің оңтүстігі мен батысында +10+15°С дейін, үшінші онкүндікте +15+25°С дейін жоғарылайды. Жауын-шашын мөлшері нормадан көп, тек елдің оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында норма шамасында (ҚР басым бөлігінде норма: 10-25 мм, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында 55-103 мм дейін, шығыста 8-30 мм) болжанады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: