Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне Мұрат Теміржанов келді

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2021 21:31 primeminister.kz
Ол бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі болған.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мұрат Баритұлы Теміржанов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мұрат Теміржанов 1977 жылы Ақмола облысында туған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Көкшетау қаласында Салық комитетінің салық инспекторы болып бастаған.

2001 жылы Зеренді ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасарының м.а. болды. Түрлі жылдары жеке меншік құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.

2013-2014 жж. ҚР Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Ситуациялық орталығының консультантының м.а., консультанты болды.

2016-2021 жж. — VI шақырылымындағы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

Биылғы қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: