Жаңалықтар тізбегі
0

Айгүл Соловьева Алик Шпекбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2021 19:33 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Айгүл Соловьева - көптеген жылдар бойы Қазақстанның азаматтық қоғамының дамуына ерекше үлес қосқан қоғам қайраткері.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бұйрығымен Айгүл Соловьева агенттік төрағасының Азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұрын ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылуын сырттай талдау мен бағалаушы Республикалық арнайы мониторингтік топтың жетекшісі қызметін атқарды.

Құзырлы ведомства Республикалық арнайы мониторингтік топтың агенттік жанындағы алғашқы қоғамдық институт екенін атап өтті.

Соловьеваның басшылығымен арнайы мониторингтік топ республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Айгүл Соловьева - көптеген жылдар бойы Қазақстанның азаматтық қоғамының дамуына ерекше үлес қосқан қоғам қайраткері, - деп атап өтіп ведомствадағылар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: