Қазақстанда театр, караоке және банкет залдары жұмысқа кіріседі, бірақ...

14 Сәуір 2021, 11:34
Сурет: kapital.kz

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов "Ashyq" қосымшасын қолданатын кәсіпкерлік нысандардың жұмысына қатысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысына сәйкес, 26 сәуірде Ashyq пилоттық жобасы өз жұмысын аяқтап, енді ол барлық аймақтарға қолданыла басталады.

Құжатқа сәйкес, бас дәрігер келесі бизнес нысандарында "Ashyq" пилоттық жобасын жүзеге асыруды жалғастыру туралы шешім қабылдады:

1. йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтар;
2. спа-орталықтар;
3. сауналар, бассейндер;
4. компьютерлік клубтар, оның ішінде PlayStation клубтары (16 жасқа толмаған адамдардан басқа);
5. боулинг клубтары.

Қаулыда "республика аумағында "Ashyq" жобасына қатысушыларды кеңейту мақсатында жобаға мына нысандарды енгізу рұқсат етіледі" делінген:

- 2021 жылдың 14 сәуірінен бастап бірінші кезеңде:

1) кинотеатрлар;

2) театрлар мен филармониялар;

3) банкет залдары, асхана типтес объектілер, фастфудтар, көше тағамдарын қоспағанда, қоғамдық тамақтандыру орындары;

4) ерікті қатысушылар;

- екінші кезеңде 2021 жылғы 21 сәуірден бастап:

1) аймақаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымал;

2) бильярд клубтары;

3) концерт залдары;

- 2021 жылғы 5 мамырдан бастап үшінші кезеңде:

1) караоке;

2) "жасыл" аймақтағы банкет залдары (бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр).

"Атамекен" ҰКП мәліметі бойынша, Ashyq жобасына Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды ​​қалаларынан басқа Көкшетау, Ақтөбе, Тараз, Талдықорған да қосылған.

Айта кетсек, қызметі шектелген қоғамдық орындарға "Ashyq" мобильді қосымшасындағы QR-кодты көрсету арқылы кіруге мүмкіндік береді. Қосымшада қызыл, сары, көк және жасыл мәртебелерге бөлінетін тәуекел дәрежесін көрсетеді.

Қызыл – амбулаториялық бақылаудағы адамдарға беріліп, үйде оқшаулануы қажет екенін көрсетеді.

Сары – қозғалысты ішінара шектеу, яғни пациентке үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспайтын азық-түлік және шаруашылық дүкендерге, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі.

Көк – ПТР міндетті болатын орындардан басқа (мысалы, әуежайда) қозғалысқа ешқандай шектеулер жоқ.

Жасыл – қозғалыста ешқандай шектеулер жоқтығын білдіреді. Бұл пайдаланушы деректер қорында COVID-19 теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген.

Аталған мәртебелерді көрсету бизнеске өз қызметін жалғастыруға көмек беріп қана қоймай, өзге келушілерге қауіптің алдын алады. Келушілерде смартфон болмаған жағдайда қосымшада үй-жайға кіруді бақылайтын қызметкерлерге арналған функция бар, олар келушінің мәртебесін ЖСН немесе жеке куәлікте орналасқан штрих-кодты сканерлеу арқылы тексере алады. Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары бұл қосымша қазақстандықтардың конституциялық құқықтарын бұзады деген алаңдаушылық білдірді. Дегенмен мобильді қосымшаның міндетті шара емес екенін ескеру қажет. Мұндай тәжірибе өзге елде де бар. Оның ішіне Оңтүстік Корея, Малайзия, Түркия, Греция, Кипр және Ресей жатады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?