Жаңалықтар тізбегі
0

Тегін бензин. WhatsApp тағы дүрлігіп жатыр

kcdn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2021 23:10 kcdn.kz
Желіде мазмұны ұқсас осындай хабарлама бұған дейін де тараған болатын. Биыл 13 наурызда ЖҚС желісінің ресми Instagram-аккаунтында оны жоққа шығаратын ақпарат жарияланған.

What‘sApp-та қазақстандықтар Helios жанармай құю стансасынан 150 литр бензинді тегін алуға болатыны туралы сілтемені жаппай бөлісіп жатыр. Ол үшін сайттағы сауалнамаға жауап беру керек, деп хабарлайды zakon.kz.

Алайда жанармай құю стансасы желісінің өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Helios жанармай құю станциялары желісінің ресми сайтында да, олардың Instagram-дағы ресми аккаунтында да 150 литр бензинді тегін алуға болатын акция туралы хабарландырулар жоқ, деп хабарлайды stopfake.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2021 23:10

– Бұл - жалған ақпарат. Мұндай хабарламалар туралы мәлімет келіп түсті, біз оны дереу теріске шығардық, – делінген ЖҚС желісі өкілдерінің жауабында.

Желіде мазмұны ұқсас осындай хабарлама бұған дейін де тараған болатын. Биыл 13 наурызда ЖҚС желісінің ресми Instagram-аккаунтында оны жоққа шығаратын ақпарат жарияланған.

– Helios-тың бұл хабарламаға қатысы жоқ. Барлық шаралар туралы ақпарат www.helios.kz ресми сайтында және @helios_kz instagram парақшасында ғана жарияланады. Сілтеме арқылы өтпеулеріңізді және хабарламаны таратпауларыңызды сұраймыз, – делінген мәтінде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: