Жаңалықтар тізбегі
0

Бұрынғы білім вице-министрі жаңа лауазымды қызметке тағайындалды

ПМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2021 20:52 ПМ
Мирас Дауленов 2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі таңға дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарған еді, оның бұл лауазымнан босатылғаны кеше - 4 мамырда хабарланған.

Мирас Дауленов Алматы халық шаруашылығы университетінің (Нархоз) басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Алматы халық шаруашылығы университеті" ҰАҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Дауленов Мирас Мұхтарұлы Университет президенті - басқарма төрағасы қызметіне бекітілді, - делінген ЖОО сайтындағы хабарламада.

Мирас Дәуленов 1983 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Вроцлав университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке заң фирмасында заңгер болып бастаған.

2004-2005 жылдары — Шығыс Қазақстан адвокаттар алқасы адвокатының көмекшісі.

2006-2007 жылдары коммерциялық құрылымдарда заңгер болып жұмыс істеді.

2012-2015 жылдары — халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі; доцент міндетін атқарушы, "Қазақ гуманитарлық заң университеті" АҚ халықаралық құқық ғылыми-зерттеу орталығының директоры.

2015-2019 жылдары — КАЗМЗУ С. Зиманов атындағы Іргелі және қолданбалы зерттеулер академиясының басқарма төрағасының орынбасары – директоры (ғылыми жұмыс жөніндегі проректор). 2018-

2019 жылдары — КАЗМЗУ С. Зиманов атындағы Құқықтық және экономикалық зерттеулер академиясының провосты – директоры. 2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі таңға дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: