Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда халық санағын жүргізетін қызметкерлерге конкурс жарияланды

ашық дереккөздерден, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2021 21:41 ашық дереккөздерден
Кезекті халық санағын жүргізуге 48 нұсқаушы-бақылаушы мен 618 тіркеушілер қажет.

Қазақстанда 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 30 қазан аралығында кезекті ұлттық халық санағы өтеді. Соған байланысты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша санақ персоналын іріктеу туралы конкурс жариялайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша 1 кезеңнің санақ персоналын іріктеу туралы конкурс жарияланады.

Кезекті халық санағын жүргізуге 48 нұсқаушы-бақылаушы мен 618 тіркеушілер қажет. Нұсқаушылар 2021 жылғы мамыр-шілде аралығында еңбек етсе, тіркеушілер 2021 жылғы 1 маусымнан бастап 30 маусымға дейін жұмыс атқарады. Осы уақыт аралығында олардың лауазымдық жалақысы сәйкесінше 125 000 теңге мен 83 000 мың теңгені құрайды.

Қызметке үміткердің кәсіптік білім деңгейіне қойылатын талаптар: жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім. Жұмыс өтілі бойынша талаптар қойылмайды.

Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар: талдамалық пайымдау, ықпал ету, командада жұмыс істеу, қарым-қатынас құру, ауызша және жазбаша коммуникация, жауапкершілік, әдептілік нормаларын ұстану, әдістемені игеру, нормативтілік, нәтижеге бағдарлану кіреді.

Анықтама алу үшін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментіне жүгіну керек, мекенжай – Абай даңғылы, 125, 050008, телефон – 8 (727) 330-89-16, 8 (727) 375-21-88, электронды пошта – almatystat@mail.ru.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: