Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғызстанда кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген қаскөй Алматыда ұсталды

Facebook Рустам Абдрахманов, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2021 22:45 Facebook Рустам Абдрахманов
Күдіктіні экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешіледі.

Алматы полициясы Қырғызстанда адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

3 сәуірде қырғызстандық БАҚ Бішкектегі Құдайберген базарында 1988 жылғы Артур Богдановтың өлтірілгені туралы хабарлады. Оны өлтірді деген күдікпен 1989 жылғы марқұмның досы Николай Алексеевке іздеу жарияланды. Тергеу мәліметтері бойынша, достар арасында өзара сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқан, күдікті Алексеев Богдановқа пышақ салған.

Бүгін, 13 мамырда полиция басқармасы бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов Богдановтың Алматыда ұсталғанын айтты.

On-line режимде күдіктінің Алматы қаласының аумағында жасырынғаны туралы ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде азамат А. ұсталып, Алматы қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Ол күдіктіні экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешілетінін атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: