Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин Кореяның Ұлттық Ассамблеясы төрағасымен келіссөз жүргізді

Мәжілістің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2021 16:16 Мәжілістің баспасөз қызметі
Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформа туралы кеңінен әңгіме қозғалды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Пак Бен Сокпен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пандемия жағдайына байланысты онлайн форматта өткен кездесу барысында тараптар барлық сала бойынша екіжақты қарым-қатынасты, соның ішінде, парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жайында пікір алмасты.

Сондай-ақ, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформа туралы кеңінен әңгіме қозғалды.

Мәжіліс Төрағасы Корея Қазақстанның Шығыс Азиядағы маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі екенін алға тарта келіп, саяси, сауда-экономикалық саладағы жетістіктерге тоқталды.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, дипломатиялық қатынас орнаған 29 жылдың ішінде Нұр-Сұлтан мен Сеул арасында қарқынды саяси диалог орнап, екі ел қатынасын тереңдетудің берік іргетасы қаланды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2021 16:16

Палата Спикерінің айтуынша, бұл жолда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі зор.

Бүгінде қалыптасқан стратегиялық әріптестік Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалғастыруымен одан әрі нығайып келеді.

Өз кезегінде Пак Бен Сок мырза Қазақстанды өзінің даму жолын ұсынған үлгілі мемлекет ретінде әлемге танылғанын алға тарта келіп, екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі ықпалдастық қарым-қатынастарды растай отырып, алдағы уақытта дәстүрлі кездесулер мен іс шараларды белсенді жалғастыру керектігін атап өтті.

Кездесу иелерінің пікірінше, осындай кездесулер Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы өзара сенімді, әріптестікті дамытуға ықпал етеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2021 16:16

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2021 16:16

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: