Жаңалықтар тізбегі
0

Малидегі әскери төңкеріс: Президент пен үкімет басшысы қамауға алынды

ria.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2021 16:05 ria.ru
Уақытша президент пен премьер-министрдің қамауға алынуы үкіметтің бұрынғы құрамының жаңалануына жауап болуы мүмкін.

24 мамырда Малиде әскерилер елдің уақытша президенті Ба Ндау мен үкімет басшысы Моктар Уанды тұтқындады, деп хабарлайды zakon.kz.

Малидегі әскери қызметкерлер елдің уақытша президенті мен премьер-министрін тұтқындап, оларды астана маңындағы Кати әскери базасына жеткізді. Президент гвардиясы президентті қорғаудан бас тартты, әскерилердің оны алып кетуіне мүмкіндік берді, - деді дереккөз РИА Новостиге.

Өтпелі үкімет мамыр айында отставкаға кетті, ал уақытша президент кабинет басшысына жаңа үкімет құруды тапсырды. Министрлер кабинетінің жаңа құрамы жасақталғаны дүйсенбіде белгілі болды. Оның құрамына ішкі қауіпсіздік министрі Модибо Коне мен қорғаныс министрі Садио Камара кірмеді. Олардың орнынан неге алынып тасталғаны айтылмады, бірақ бұл қадам өтпелі үкімет ішіндегі алауыздықты ушықтырып жіберді. Уақытша президент пен премьер-министрдің қамауға алынуы үкіметтің бұрынғы құрамының жаңалануына жауап болуы мүмкін.

Малидегі бүлік 2020 жылы 18 тамызда Бамако астанасына жақын әскери базада басталды. Көтерілісшілер президент Ибрагим Бубакар Кейт пен премьер-министр Бубу Сиссаның қамауға алынғанын жариялады. Кейінірек президент парламент пен үкіметтің отставкаға кететінін және таратылатынын мәлімдеді.

Малидің әскери күштері саяси көшбасшылармен және азаматтық қоғам өкілдерімен келіссөздерден кейін 12 қыркүйекте елдегі "өтпелі кезеңнің негізгі заңы мен жол картасын" бекітті. Тараптар өтпелі кезең 18 айға созылады деп шешті. Бұрынғы қорғаныс министрі, отставкадағы полковник Ба Ндау өтпелі кезеңде ел президенті болып тағайындалды. Бұрынғы сыртқы істер министрі Моктар Уан премьер-министр болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: