Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда Копа Америка-2021 турнирінің ойындары көрсетіледі

qazaqstan.tv, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2021 20:04 qazaqstan.tv
Ойындарды "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан тамашалай аласыздар.

"Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары футболдан Америка Кубогының ойындарын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы футболдан Америка Кубогының ойындарын көрсету құқығын иеленді. Оңтүстік Америка құрамалары арасындағы турнир 13 маусым мен 11 шілде аралығында Бразилияда өтеді. Турнирдің барлық матчтарын қазақстандық жанкүйерлер "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.

Бастапқыда, Копа Америка-2021 Аргентина мен Колумбия алаңдарында өтуі тиіс болатын. Бірақ турнирдің басталуына екі апта қалғанда Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы коронавирусқа байланысты жарысты Бразилияға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Сырттан шақыртылған екі құрама – Австралия мен Катар жарыстан бас тартқаннан кейін, Америка Кубогына 10 команда қатысатын болды. Олар екі топқа бөлінген. Ширек финалға әр топтан төрт командадан шығады.

Соңғы Копа Американың жеңімпазы - Бразилия құрамасы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: