Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2021 17:31 ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Бұл қызметке Жанжігіт Омархан кірісті.

Омархан Жанжігіт Абзалбекұлы ШҚО әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жанжігіт Омархан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің журналистика және құқықтану факультетін, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін, сондай-ақ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасын "Журналистика" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы "Астана" телеарнасында бастады. Онда журналист-редактор және бағдарлама жүргізушісі болып жұмыс істеді.

2011-2015 жылдары "QAZAQSTAN" ұлттық телеарнасында "Иман айнасы" бағдарламасын жүргізді.

2015 жылы "Еуразия 1" телеарнасында "Ашығын айтқанда" ток-шоуын тізгіндеді. 2016 жылы "Астана" телеарнасында "Өзекті" авторлық бағдарламасын жүргізді әрі жетекшілік етті.

2018-2019 жылдары – "Жамбыл облысының Өңірлік коммуникация қызметі басшысының орынбасары, кейін басшысы, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің басшысы қызметтерін атқарды.

2019 жылдан бері ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: