Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның ең бай өңірінің түйелері картон жеп, жан сақтауға мәжбүр

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2021 22:19 pixabay.com
Облыстық әкімдіктетегілер әр тұрғынның іс-әрекетіне түсініктеме бере алмайтындығын, сондықтан "не істеу керектігін өздері білетінін" атап өтті.

Маңғыстау облысында құрғақшылықтың салдарынан фермерлер малға азық ретінде картон беруге мәжбүр, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық әкімдіктетегілер әр тұрғынның іс-әрекетіне түсініктеме бере алмайтындығын, сондықтан жұрттың "не істеу керектігін өздері білетінін" атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жаңаөзен/Zhanaozen/Жанаозен (@zhanaozen_online)

Иә, бізде биыл қиындық болды, құрғақшылыққа ұрындық. Бірақ қазіргі уақытта облысқа жем жеткізіліп жатыр. Ақтөбе облысының кәсіпкерлері өңірге жем-шөп әкеледі, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін аймақта қатты құрғақшылықтан мал қырылып жатыр деп хабарланған болатын. Аймақта көктемде жаңбыр жаумады, сондықтан жайылымдарда шөп өте аз.

Кейін Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Маңғыстаудағы жылқылардың өліміне жауапкершілік облыстық әкімдіктерге жүктелгенін айтты.

Иә, бұл облыстық әкімдіктерден кеткен кемшілік деп санаймын. Олар тұрғылықты жердегі жағдайды министрліктен немесе облыстық әкімдіктен гөрі жақсы біледі. Егер олар алдын-ала дабыл қағып, қолдау шараларын ұсынған болса, біз, әрине, үкіметтен қазіргідей көмек көрсетер едік, - деп еді министр.

Өз кезегінде облыс әкімі Серікбай Тұрымов жем-шөп қорын көбейту үшін жергілікті бюджеттен 200 миллионнан астам қаражат бөлінгенін айтты.

Соңғы жылдары аймақта байқалған қатты құрғақшылық мал шаруашылығына зиянды әсерін тигізуде. Өңірде малды құрғақшылықтан сақтау үшін шаруа қожалықтарын жем-шөппен қамтамасыз ету шараларын қабылдау үшін арнайы штаб құрылды. Ақтөбе облысының әкімдігімен меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, қажетті мөлшерде жем-шөп жеткізу және маңғыстаулық мал өсірушілерге жайылым мен шабындыққа жер телімдерін беру келісілді. Біз бұл жұмысты бастап кеттік. Жем-шөп қорын қалыптастыру үшін жергілікті бюджеттен 200 млн теңге бөлінді. Көрші облыстардан жеткізілген жем облыстың диқандарына жеткізіледі, - деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: