Жаңалықтар тізбегі
0

Каратэші Юлдашев пен Берульцева олимпиада лицензиясына ие болды

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2021 23:21 Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Данияр Юлдашев - каратэ спорт түрінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Халықаралық карате федерациясы (WKF) Олимпиадалық рейтинг бойынша Токио Олимпиадасына жолдама алған спортшылар тізімін жариялады. Оған сәйкес, Шымкент қаласының каратэшілері тағы екі Олимпиада лицензиясын иеленді.

"D-3" біліктілігі бойынша халықаралық рейтингке сәйкес, Данияр Юлдашев Олимпиада лицензиясына ие болып, Азия өңірінде ең жоғары нәтиже көрсеткен үздік каратэші атанды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2021 23:21

Сондай-ақ, тағы бір жерлесіміз Софья Берульцева (+75 келі) да халықаралық рейтингке сәйкес, құрлықтық жолдамаға ие болды. Айта кетерлігі, каратэден Қазақстан құрамасынан Токио Олимпиадасына бес жолдама бар. Осыған дейін Дархан Асаділов рейтингте қарсыласынан 1000 ұпай алда болғандықтан мерзімінен бұрын Олимпиада лицензиясына иелік етті.

Данияр Юлдашев - каратэ спорт түрінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2017 жылы Астанада өткен ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2018 жылы Испанияда өткен "Премьер Лига" Халықаралық турнирінің күміс жүлдегері.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2021 23:21

Софья Берульцева - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Сонымен, Шымкент қаласының қоржынындағы Олимпиада жолдамаларының саны 10-ға жетті. Оның иегерлері:

Стенд ату - Сәрсенкүл Рысбекова, Кравченко Зоя
Оқ ату - Юрий Юрков
Бокс - Закир Сафиуллин
Қаратэ - Дархан Асаділов, Данияр Юлдашев, Софья Берульцева.
Байдаркада есу - Сергей және Тимофей Емельяновтар
Көркем гимнастика - Алина Әділханова

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: