Көкшетауда таныс қызды сексуалдық құлдыққа салған күдікті ұсталды

17 Маусым 2021, 17:13
Сурет: pkzsk.info

"Стоп-трафик" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізудің бірінші күні ақмолалық полицейлер адам саудасына байланысты қылмыстың жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Көкшетау қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қорқыту және бопсалау жолымен жезөкшелікпен айналысуға өзінің бұрынғы танысын тартқан 1994 жылғы күдіктіні анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 308-бабының 1-бөлігі "жезөкшелікпен айналысуға тарту"бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Күдіктіге қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы таңдалды: "келу туралы міндеттеме".

Еске салайық, 16-18 маусым аралығында Ақмола облысында "Стоп-трафик" жедел алдын алу шарасы басталды.

Жедел уәкілдер профилактикалық әңгімелер жүргізіп, азаматтарға адам саудасының, заңсыз бас бостандығынан айырудың, еңбек немесе жыныстық құлдықтың құрбаны болмау туралы ескертеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?