Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтандағы №103 қалалық емханаға барды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2021 00:09 Ақорда
Алтай Көлгінов Президентке елордада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 36 ұйымның бар екенін баяндады.

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жәрдем және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуге арналған заманауи медициналық құралдармен жабдықталған кабинеттерді аралады. Емханада рентгенография, маммография, флюорография, ЛОР-комбайн, сараптамалық деңгейдегі ультра-дыбыстық зерттеу және басқа да медициналық аппараттар бар. Емхананың соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталуы ауруды дер кезінде анықтап, сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді", делінген Ақорда хабарламасында.

"Салауатты Астана" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты жаңа амбулаториялық-емханалық кешен бір ауысымда 500 адамды қабылдайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2021 00:09

Мемлекет басшысына медициналық орталықта тіркелген тұрғындарға 23 сала бойынша алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілетіні туралы айтылды. Сондай-ақ ересектер мен балаларға оңалту қызметтері көрсетіледі. 150 орындық күндізгі стационар жұмыс істейді.

Президент медициналық орталықтың ұжымына жедел жәрдем көлігін алуға сертификат табыстады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Қасым-Жомарт Тоқаевқа елордада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 36 ұйымның бар екенін баяндады. Оның 16-сы мемлекеттік, 20-сы жекеменшік ұйым. Пандемияның алғашқы толқыны кезіндегі тәжірибе аурудың алдын алуда емханалардың үлкен рөл атқаратынын көрсетті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2021 00:09

Қазіргі таңда елордада 180 мың адам коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін алған. 128 мыңнан астам азамат екпенің екінші компонентін салдырды. Еңбек ұжымдарын вакциналау белсенді жүргізіліп жатыр.

Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін 650 мыңнан астам адамға немесе қала тұрғындарының 60 пайызына екпе егу жоспарлануда.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарындағы вакциналау пункттері 100-ге дейін көбейді, сондай-ақ, сауда және ойын-сауық орталықтарында қосымша 8 пункт қызмет көрсетеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: