Әкімдіктер жер учаскелерін кімдерге бөлгенін жасырып жүр

ашық дереккөздерден, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2021 21:37 ашық дереккөздерден
Кеңес барысында мемлекеттік органдарына бірқатар ұсыным жасалды.

Елімізде жер учаскелеріне сұраныс жоғары болғанымен, әкімдіктер тарапынан тиісті ұсыныстар жеткіліксіз. Көптеген өңірде ұзақ уақыт бойы жер учаскелерін бөлу бойынша конкурстық рәсімдер мүлдем жүргізілмейді, деп хабарлайды zakon.kz atameken.kz-ке сілтепме жасап.

"Атамекен" алаңында Қайырбек Сүлейменовтің төрағалығымен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңесте кәсіпкерлердің жер қатынастары саласындағы құқығын қорғау шаралары қарастырылды.

Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов жер қатынастары жемқорлық өріп тұрған салалардың бірі екенін атап өтті. Жағдайдың парадоксы - Ешкім пайдаланылмай жатқан жердің көптігіне қарамастан, кәсіпкерлерге жер телімі тапшы болып отыр.

Сонымен қатар, мониторинг кейбір облыстарда жергілікті атқарушы органдар Жер кодексінің 43-бабы 14-тармағының талаптарын сақтамайтынын, яғни жер учаскелері туралы барлық қажетті ақпаратты интернетте жарияламайтынын, ал кейбір өңір бұл норманы ішінара орындайтынын көрсетті.

Мысалы, Семей қаласы әкімдігінің интернет ресурсында жер учаскелері берілген тұлғалардың тізімі жоқ. Осыған ұқсас тізімдер Шығыс Қазақстан облысының Жарма, Зайсан, Көкпекті, Күршім, Үржар аудандары әкімдіктерінің интернет ресурстарында жоқ.

2020 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша Қызылорда облысында 8 әкімшілік-аумақтық бірліктің ішінен ай сайын тек Жаңақорған ауданы мен Қызылорда қаласында берілген жер учаскелері туралы ақпарат жарияланған. Бұл мәселеге прокуратура органдары араласқаннан кейін жағдай өзгерді.

Жер учаскелерін берудің ашық болмауы, оларға қатысты толық және дұрыс ақпараттың болмауы, жерге құқық беруден негізсіз бас тарту әкімшілік кедергілер мен тиісті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғады, - деп атап өтті Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың жер учаскелерін бөлу жөніндегі актілерін заңсыз деп танудың қалыптасқан тәжірибесі меншік құқығының конституциялық кепілдіктерін бұзады және жерді мәжбүрлеп алып қоюдың заңмен белгіленген негіздерін кеңейтеді.

Өз міндеттерін тиісінше орындайтын жер пайдаланушы шарттың жаңа мерзімге ұзартылуына толық сенімді бола алмайды, өйткені жергілікті атқарушы органдар мен жер комиссиялары жер учаскесін жалдау мерзімін жаңа мерзімге ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы ерікті түрде шешім шығарады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану космомониторингін енгізу жөніндегі бұйрығы жағдайды түбегейлі қиындатты. Бұйрықты бизнес өкілдері, сондай-ақ "Атамекен" талқыламады, бұйрықтың жекелеген ережелерінің мазмұны бір-біріне қайшы келеді.

Космомониторинг жүйесі соңына дейін сыналмаған. Ал бұл жүйені енгізу салдары кәсіпкерлерді мемлекетпен сот дауларына тартады, өндірісті тоқтатады, нәтижесінде бизнеске де, мемлекетке де залалын тигізеді.

Кеңес барысында мемлекеттік органдарына бірқатар ұсыным жасалды.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне жер учаскесін беру бойынша ақпаратты интернет ресурстарда, ал мерзімді баспасөз басылымдарында кемінде тоқсанына бір рет жариялау арқылы міндетті орналастыру туралы ҚР Жер кодексі 43-бабы талаптарының орындалуына назар аудару ұсынылды.

Бұдан бөлек, Қағидалардың қолданылуын кәсіпкерлік субъектілері 4 өңірде өткізілген пилоттық жоба қорытындыларын зерделеп, талқылағанша Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2020 жылғы №7 бұйрығы және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап космомониторинг жүйесін енгізу бөлігіндегі тиісті талаптарды тоқтата тұру ұсынылды.

Сонымен қатар Бас прокуратураға өңірдегі төмен тұрған прокурорларды жерді адал жолмен пайдаланып отырған кәсіпкерлердің жерге меншік құқығын шектемей, жер учаскелерін бөлу кезінде заңбұзушылықтарына жол берген лауазымды тұлғаларға тиісті жауапкершілік шараларын қолдануға бағыттауды ұсыну қажет, – деп қорытындылады Қайырбек Сүлейменов.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: