Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы жаңадан тағайындалды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2021 16:00 primeminister.kz
Бұл лауазымды қызметке Қажымұқан Бекмұқашев келді.

Қажымұқан Бекмұқашев ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ЦДИАӨМ министрінің бұйрығымен Қажмұқан Ахматдинұлы Бекмұқашев Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қажымұқан Бекмұқашев 1982 жылы Орынбор облысында (РФ) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке ұйымда заңгер лауазымынан бастаған.

2005-2006 жылдары — Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту бөлімінің бас маманы.

2006-2011 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2011-2012 жылдары – Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының басшысы; ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің "МемжерҒӨО" РМК бас директоры орынбасарының м. а., Ақтөбе қаласы.

2012-2013 жылдары – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Геодезия, картография және геодезиялық бақылау департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы.

2013-2014 жылдары – ҚР Өңірлік даму министрлігі, Геодезия және картография басқармасының басшысы.

2014-2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Геодезия және картография басқармасының басшысы.

2016-2019 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Геодезия және картография басқармасының басшысы.

2019 жылғы тамыз айынан қарашаға дейін – ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің Мемлекеттік геодезиялық бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы.

2019 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитеті төрағасының орынбасары болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: