Жаңалықтар тізбегі
0

Токио-2020: Бүгін бақ сынаған екі боксшымыз да үмітті ақтай алмады

ҚР ҰОК баспасөз қызметі - Тұрар Қазанғапов, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2021 17:28 ҚР ҰОК баспасөз қызметі - Тұрар Қазанғапов
Қазақстан боксшылары сапынан төртінші спортшы Олимпиаданы аяқтады.

Бокстан 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Серік Теміржанов пен 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен, Қазақстан командасының үздігі Бекзат Нұрдәулетов Токио ойындарында қарсыластарынан ұтылып қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Olympic.kz Мәліметі бойынша, ең бірінші кезекте Олимпиаданың 1/8 айналымында Теміржанов америкалық Дюк Реганмен жүздесіп, 0:5 есебімен таза ұтылды.

"Қолымнан келгенше тырыстым, әлім жетпеді. Бар күшімді салдым. Не істей аламын, соның бәрін жасадым. Жанкүйерлердің үмітін ақтай алмағаным үшін кешірім сұраймын. Барымды салдым, бұйырмады", - деді Серік Теміржанов.

Бокстан Токио Олимпиадасында Қазақстан командасының үздігі Бекзат Нұрдәулетов те жеңілді. 81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан ол ресейлік Имам Хатаевпен кездескен болатын. Тартысты кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті ресейлік боксшы Имам Хатаевқа берді.

Осылайша, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты.

Қазақстан боксшылары сапынан төртінші спортшы Олимпиаданы аяқтады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2021 17:28

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: