Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банктің халықаралық резерві 4 пайызға жуық төмендеген

newizv.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2021 16:12 newizv.ru
Резервтердің төмендеуі, көбіне, АҚШ долларының нығаюына байланысты алтын бағасының түсуінен болды.

Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері биылғы маусым айында 3,9%-ға (жылдың басынан бастап 1,6%-ға) төмендеп, 35,1 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Резервтердің төмендеуі, көбіне, АҚШ долларының нығаюына байланысты алтын бағасының түсуінен болды. Алтын портфелінің бір бөлігін бағаның күрт төмендеуінен хеджирлеу үшін Ұлттық Банк бұрын жасаған опциондарды орындау аясында алтынды қолайлы баға – 1,5 млрд АҚШ долларына сатты. Опциондық стратегиялар аясында аллокирленбеген алтынды сату есебінен еркін конвертацияланатын валютадағы активтер өсті, делінген ҚР Ұлттық банк хабарламасында.

Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (57,5 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, елдің жалпы халықаралық резервтері 2021 жылы маусымның соңында 92,5 млрд АҚШ долларын құрады.

Ақша базасы 2021 жылғы маусымда 0,5%-ға тарылып (жылдың басынан бастап 5,0%-ға кеңейді), 10 270,1 млрд теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейлі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы
6 297,0 млрд теңгеге дейін 4,3%-ға (жылдың басынан бастап 23,8%-ға) кеңейді.

2021 жылғы маусымда ақша массасы 2,6%-ға ұлғайып, 28 161,7 млрд теңге болды (жылдың басынан бастап 13,0%-ға өсті), айналыстағы қолма-қол ақша 3 027,2 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға (жылдың басынан бастап 7,0%-ға) ұлғайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: