Жаңалықтар тізбегі
0

Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен Шымкентте жүр

ҚР ДСМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2021 23:52 ҚР ДСМ
Денсаулық сақтау министрі пандемиямен күресте алдыңғы қатарда жұмыс істейтін жергілікті жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалап, ризашылығын білдірді.

30 шілдеде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Шымкентке жұмыс сапары аясында бірқатар медициналық ұйымдарды аралады, деп хабарлайды zakon.kz.

Цой №3 қалалық емханада болып, емдеу мекемесіндегі егу кабинеттерін қарап, вакцинация барысын тексерді, сондай-ақ мобильді бригадалардың жұмысымен танысты. Емхананың бас дәрігерімен әңгімелесу барысында министр мобильді бригадалардың санын арттыруды тапсырды.

Министрдің айтуынша, егер алғашқы медициналық көмектің сапасы жақсарса, науқастар стационарларға ауруы асқынған халде түспейді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2021 23:52

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2021 23:52

Cондай-ақ, Цой қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының call-орталығының қызметімен танысты. Бір жыл бұрын call-орталық жанынан Симуляциялық орталық ашылды, онда жедел медициналық жәрдем қызметкерлері шақыруларды қабылдауға үйретеді және манекендерде түрлі диагноздары бар пациенттерге көмек көрсету алгоритмін пысықтайды.

Министрге жедел медициналық жәрдем call-орталығы бір ауысымда 30 диспетчер қызмет көрсететінін хабарлады. Дельта штаммынан туындаған коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты қоңыраулар саны тәулігіне 4-5 мыңға дейін өсті. Жедел жәрдем қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді, дегенмен науқастарға уақытылы медициналық көмек көрсетеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2021 23:52

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2021 23:52

Денсаулық сақтау министрі пандемиямен күресте алдыңғы қатарда жұмыс істейтін жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалап, ризашылығын білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: