Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғыз президенті ұлының саясатқа араласуын сөз қылған депутатқа жауап берді

president.kg, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2021 23:39 president.kg
Садыр Жапаровтың төрт баласы бар, ұлдары - Дастан, Рустам, Нұрдәулет және қызы - Жанайым.

Қырғызстан президенті әкімшілігі Садыр Жапаровтың ұлы Рустамның саяси платформа құруға тырысып, қазірдің өзінде депутаттыққа ықтимал үміткерлермен кездесіп жатқаны туралы депутат сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Туыстарының саяси процестерге қатысуы туралы Садыр Жапаровтың ұстанымы өзгеріссіз қалады. Мемлекет басшысы бұған дейін өзінің жақын туыстарының ешқайсысы саясатқа араласуға, сондай-ақ жоғары мемлекеттік лауазымды қызметтерді иеленуге рұқсат бермейтінін бірнеше рет айтқан, - делінген хабарламада.

Vesti.kg мәліметінше, бұған дейін парламент депутаты Дастан Бекешев президенттің ұлы Рустам Жапаровтың Жогорку Кенеш депутаттығына кандидаттармен кездесулер өткізіп жатқанын мәлімдеген. Баласының бастамасы Садыр Жапаровтың беделіне нұқсан келтіруі мүмкін, деп баса айтты депутат.

Керемет, жақсы жігіт. Бірақ ол әкесінің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін, арты жақсы болмайды. Осыған дейін бізде екі президент те осындай қателікке бой алдырған (Асқар Ақаев, Құрманбек Бакиев - ред.) Өткеннен сабақ алу керек. Президент баласына басу айтып, бұл бассыздықты тоқтатады деп үміттенемін. Әрине, бұл елге де, оның отбасына да пайда әкелмейді. Менің ойымша, олар отбасылық кеңесте ақылға қонымды шешім қабылдайды, оған саяси алаңға келудің қажеті жоқ, - деді депутат.

Жогорку Кенеш сайлауы 31 қазанда өтеді. Парламент сайлауына қатысуға 75 партия өтініш берді.

Садыр Жапаровтың төрт баласы бар, ұлдары - Дастан, Рустам, Нұрдәулет және қызы - Жанайым. Бұқаралық ақпарат құралдары үлкен ұлы Дастан 2019 жылдың тамызында апаттан қайтыс болды деп хабарлаған. Екінші ұлы Рустам Жапаров 2019 жылы үйленді. Оның қызы бар. Нұрдәулет пен Жанайым - тетелес.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: