Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан машина жасаушыларының IX форумында Тоқаевтың үндеуі оқылды

ҚР ИИДМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2021 21:53 ҚР ИИДМ
Форум Мемлекет пен бизнестің тәжірибелік диалогы, отандық машина жасау саласындағы өзекті мәселелерді шешуде жетекші алаңға айналды - Тоқаев.

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қазақстан машина жасаушыларының IX форумында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр оқып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Құрметті форумға қатысушылар. Қазақстан машина жасаушыларының IX форумының ашылуымен құттықтаймын. Форум Мемлекет пен бизнестің тәжірибелік диалогы, отандық машина жасау саласындағы өзекті мәселелерді шешуде жетекші алаңға айналды. Пандемияға қарамастан, отандық машина жасаушылар - экономикалық көрсеткіштер бойынша көшбасшылардың бірі. Сала 24 пайызға артты. Бұл - өңдеуші өнеркәсіп секторының дамуына қосылған елеулі үлес. Индустрияландырудың алғашқы он жылында өңдеуші өнеркәсіптің экономиканың дамуына қосқан үлесі тау-кен өндіру саласының үлесінен асып түсті. Қазақстандық машина жасаушылар қойылған міндеттерді лайықты орындауда. Шығарылатын бұйымдар номенклатурасын кеңейтіп, жаңа технологиялық әзірлемелерді енгізуде. Жалпы елдегі экономикалық өзгерістер көшбасшыларының қатарында келеді. Мемлекет машина жасау саласының сұранысқа ие жобаларын әрдайым қолдап келеді және қолдай береді. Жолдауда мен 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 24 миллиард долларға дейін және еңбек өнімділігін 30 пайызға ұлғайту міндетін қойдым. Бұл үшін мемлекет өнеркәсіптік саясат туралы заң қабылдап, отандық өнеркәсіптік кәсіпорындарды барынша қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету тетігін бекітеді. Отандық агроөнеркәсіптік және өнеркәсіптік саясат ұштастырылады. Қазақстанның машина жасау саласы экономикалық өсімнің, жұмыспен қамту мен экспорттың қозғаушы күшіне айналатынына сенімдімін. Баршаңызға жемісті жұмыс және алға қойған мақсаттарыңызға жетуде табыс тілеймін. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев", - деді Роман Скляр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: