Жаңалықтар тізбегі
0

Ертең нан қымбаттайды: ұн тартушыларға бидай жетіспейді

Ж.Жұмабеков, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2021 18:45 Ж.Жұмабеков
Биыл көктем-жазда сәбіз бен картоп 500-600 теңгеге дейін өскенде Ауыл шаруашылығы министрлігі ешқандай тұжырым жасамады.

Мәжіліс депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Ғ.Әміреев Премьер-Министрдің орынбасары Р.Склярға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Депутат сауалы нанның бағасына қатысты болды. Өйткені бұл мәселе депутаттық сауалдарда бірнеше рет көтерілгенмен, әлі өз шешімін таппай отыр.

Соңғы уақытта негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне қатысты мәселелер көбірек көтеріліп келеді, халық бағалардың реттелмейтініне, тіпті кейде әртүрлі болатынына шағым жасауда. Мысалы, ең танымал 1-сұрыпты ұн 150-200 теңге аралығында сатылады және одан әрі өсу үрдісі бар. Ал ұн бағасы жаздың өзінде 120-130 теңге деңгейінде болды.

Биылғы жылы қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін құрғақшылық салдарынан түсімнің төмендігі елеулі соққы болды. Алдын ала болжам бойынша біз 30%-ға дейін өнімге қол жеткізе алмаймыз. Сонымен қатар, уәкілетті органдардың жауапсыздығынан біз ЖЖМ-ның, дизель отынының жоғары бағасын байқаймыз, литріне 300 теңгеге дейін жетіп, кей уақытта елдің жанармай бекеттерінде тапшы да болып қалады, мұның бәрі экономикалық диверсияға өте ұқсас, ал бұл Энергетика министрлігінің жауапкершілігі. Сондай-ақ, тыңайтқыштардың, ауыл шаруашылығы техникасы құнының жыл сайынғы өсуін да атап өту қажет. Барлық осы факторлар жиынтығында астық бағасына әсер етті. Біреулер үшін жанар-жағармай бағасының күрт өсуі нормаға, жауапсыздық нормасына айналды, бұл үнемі, дәлірек айтқанда көктемгі егіс жұмыстары мен егін жинау кезінде орын алып келеді. Бұл туралы депутаттар да бірнеше рет мәселе көтерген болатын, бірақ бұрынғы жартас сол жартас күйінде, бұл ауылшаруашылық мамандары үшін ең жауапты сәтте қасақана жасалатындай әсер қалдырады.

Ұн тартушылар өсудің негізді екенін түсіндіруде. Соңғы айда астық 50%-ға, ал ұн небәрі 12-15%-ға өсті. Логика қайда? Не істеу керек? Ұн тартушыларға шикізат жетіспейді. Астық өңдеушілер қауымдастығы тапшылықтың қолдан жасалатынына жол береді. Өндірушілер бағаның одан әрі өсуін күтіп, астықты өздерінде ұстап қалуы мүмкін. Қазір жұмсақ бидай тоннасына шамамен 125 мың тұрады.

Мамандардың айтуынша, жағдай шиеленіскен. Астықтың басым бөлігі экспортқа кетуде, мұнда оны өңдеу Қазақстан ішіндегі астыққа қарағанда арзан. Бұл қазірдің өзінде ұн тартушыларға әсерін тигізуде – олар өз нарықтарын жоғалтады және тұтастай бір сала үлкен проблемаларға тап болуы ықтимал.

Құрметті Роман Васильевич!

  • Егер жақын арада біз халықты үстелінде болатын басты өніммен – қазірдің өзінде бағасы қарқынмен өсіп жатқан нанмен, макаронмен және жарма өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешпесек, оның салдары биылғы көктем мен жаз мезгіліне қарағанда одан да ауыр болуы мүмкін.
  • Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, тауар нарықтарында бидайдың жеткілікті көлемін сатып алу бойынша интервенция жүргізу үшін "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК АҚ мен тұрақтандыру қорларына Үкімет резервінен қосымша бюджет қаражатын бөлу мәселесін шешуді сұраймыз, бұл кейіннен нан, жарма және макарон өнімдері бағасының тұрақтануын қамтамасыз ететін болады.
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: