Жаңалықтар тізбегі
0

Түркіменабадта ондаған адам гомосексуал деген күдікпен ұсталды

azathabar.com (RFE/RL), сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2021 21:33 azathabar.com (RFE/RL)
Олардың арасында МАИ-дың бұрынғы қызметкері, бірнеше жергілікті өрт сөндіруші және шаштараз бар.

Азатлык радиосының хабарлауынша, Түркіменабад қаласында шамамен 25 адам гомосексуал деген күдікпен ұсталды. Олардың арасында МАИ-дың бұрынғы қызметкері, бірнеше жергілікті өрт сөндіруші және шаштараз бар.

Радио дереккөзінің мәліметінше, тамыздың аяғында бір шаштараз гомосексуал деген күдікпен Лебап уәлаятына жеткізілген.

turkmen.news басылымы 24 қыркүйекте Ашғабатта істейтін шаштараздың ұсталғанын хабарлады. Ол - Лебап уәлаятының тумасы, түркімен шоу-бизнесінің өкілдеріне қызмет көрсеткен.

Тәуелсіз басылым Түркіменабад изоляторында гомосексуал күдігімен 30 жігіт отырғанын хабарлады.

Азатлык дереккөзінің мәлімдеуінше, қамауда отырғандардың бірі бұрын жол полициясында істеген, ұсталардан алдын ол өрт сөндіру қызметіне ауысқан. Дереккөз дерегінше, ол жаңа жұмыста бір әріптесімен заңсыз гомосексуалды байланыс орнатқан. Қазір екеуі де тергеу изоляторында отыр.

Еске салайық, 2020 жылғы сәуірде Ашғабатта танымал бір шоумен гомосексуал күдігімен тұтқындалған.

Құқық қорғау органдары, соның ішінде Лебап уәлаятының прокуратурасы мен полициясы гомосексуалдарды қудалауға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.

Азатлык тілшісінің хабарлауынша, құқық қорғау органдары осы істі құпия сақтап отыр.

Түркіменстан заңдарында гомосексуализм қылмысқа жатады. Түркіменстанның қылмыстық кодексінің 135-бабы гомосексуалды байланыс орнатқандарға екі жылға дейін түрме жазасын қарастырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: