Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда киіз басудан әжелер арасында жарыс өтті

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2021 21:06 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жүлдегерлерді анықтау қиын соқты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Түркістан облысында Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Киіз басу өнері – көшпенділер мұрасы" атты байқау өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған іс-шарада 12 ауылдық округтен келген әжелер бақ сынады. 3 топқа бөлініп, текемет басудың қыр-сырын көрермен алдында көрсеткен ардақты аналардың өнері қонақтарға қызықты болды. Жүлдегерлерді анықтау да қиынға соқты. Себебі қатысушылардың қолынан шыққан киіздер өте әдемі шықты. Көрермен жастар ою-өрнекпен өрнектеген киізді дайындау оңай емес екеніне көз жеткізді.

Байқау қорытындысы бойынша "Ең үздік қол өнер шебері" номинациясын "Дария толқын" әжелер тобы иемденсе, "Шебердің қолы алтын" номинациясы "Асыл әжелер" тобына бұйырды. "Асыл қазына әжелер" құрамасы "Өнерлі де, өнегелі әже" номинациясына қол жеткізді. "Көрермен көзайымы" сыйлығы Бабайқорған ауыл округі, Абай ауылынан келген Абдулаева Анаркүл мен Ескі Иқан ауылының шебері Усманова Карамхон әжелерге табысталды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2021 21:06

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: