Басына шыны конструктор құлаған астаналық әйел жан сақтау бөлімінде жатыр

zakon.kz zakon.kz
Әйелге шұғыл түрде ота жасалғаны айтылады.

Астанада бір әйелдің басына тұрғын үй кешенінің төбесінен шынысы бар темір конструктор құлады. Зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оқыс оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Бас миының жартылай жарақаты бар науқас №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Қабылдау кезіндегі оның жағдайы ауыр деп бағаланды. Әйелге шұғыл түрде ота жасалды, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады департаменттегілер.

Дәрігерлер барлық қажетті емдік шараларды жүргізіп жатқаны айтылды. Науқас тәулік бойы медицина қызметкерлерінің бақылауында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз