Жаңалықтар тізбегі
0

Министр бензиннің тағы қымбаттауы мүмкін екенін айтты

Zakon.kz/ Павел Михеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2021 04:54 Zakon.kz/ Павел Михеев
Биыл еліміздің бірнеше өңірінде жанар-жағармай бағасы қымбаттады.

Энергетика министрлігі жанармай бағасын тұрақтандыра алмайды. Мағзұм Мырзағалиев, тіпті бензин алдағы уақытта қымбаттауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көрші елдердегі бағаны салыстыра кетуді ұмытпаған министрдің жауабы, жанармайдың қазіргі құнына шүкіршілік ету керек дегенге саяды, делінген КТК жаңалықтарында.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі:

Біз екі мәселені миымызда ұстауымыз керек. Ең біріншіден, Бренд маркалы мұнайдың әлемдік бағасына тәуелділігі. Екіншіден, біздің көрші елдердегі қалыптасқан бағадан айырмашылық үлкен болмауы тиіс.

Биыл еліміздің бірнеше өңірінде жанар-жағармай бағасы қымбаттады. Ол бірінші кезекте мұнай өңдеу зауыттарының жөндеуге жабылуымен байланысты. Енді мұндай жағдайдың алдын алу үшін зауыттар үш жылда бір рет қана күрделі жөндеуден өткізіледі.

Энергетика министрі мұны бақылауда ұстаймыз деп отыр. Биыл Павлодардағы мұнай өңдеу зауыты жөндеуге уақытша жабылып, артынша жанармай бағасының күрт қымбаттауына байланысты мерзімінен бұрын қайта ашылған. Елде жанармайды тұтыну көлемі жыл санап артып келеді. "Сондықтан оны өндірушіден бастап тасымалдаушыға дейін бақылау күшейеді", - деді министр Мырзағалиев.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі:

Алдағы жылдан бастап жанармайдың тасымалдауына, оның қайда кетіп жатқанына жіті мән береміз. Сондай-ақ елде жанармайдың қорын жасақтау керек. Біз жауапты компаниялармен ақылдасып, жыл соңына дейін мәселенің шешімен табуға тырысамыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: